Алматыда "Киров" әскери-теңіз клубының жас армияшылар олимиадалық спорт түрлерін жақсы меңгерген. "Біздің клубта биатлон үйірмесі ашылған. Бір апта бұрын клубқа 8-сынып бойынша 29 оқушы жаңадан қабылданып, жас десантшылар жасағына жазылды. Оларға екі апта ішінде шаңғы тебуді игеру тапсырылды.
Сонымен қатар нәтиже бойынша 3-тен 30 шақырымға дейін жолды бағындыру керек, - деді Жас теңізшілер взводының командирі Дидар Ғалымжанұлы. Ағымдағы жылдың ақпан айында "Жылдам атлетика" ҚҚ халықаралық жарысына әскери- қолданбалы спорт түрі бойынша қатыспақ. Армия Үйінің базасында "Киров" әскери-патриоттық клубтың тәрбиеленушілері үшін Алғашқы әскери дайындық курсатыр жақсарту мақсатында материалдық-техникалық база құрылған. "Киров" атындағы клуб Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен Алматы қаласы жастар саясаты мемлекеттік дамыту қорының қолдауымен жұмыс жасап келеді. Әскери-потриоттық клубының тәрбиеленушілері әрбір азаматтың Отанға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімін оятуға, қалыптастыруға бағыт беретін бірден-бір өскелең ұрпақ болып табылады.
Алдағы уақытта бұл клуб тәрбиеленушілері шаңғы, жүгіру және т.б. спорттық ойындар бойынша жарыстарға қатысу жоспарлануда.
Қарлығаш Мұсабекқызы
Оставить комментарий