Бірінші ауыр салмақта WBO белбеуінің иегері украиналық Александр Усик алдағы уақытта өз салмағында әлемдегі мықты боксшы екенін дәлелдеп, содан соң аса ауыр салмаққа ауысып Энтони Джошуаны жекпе-жекке шақыруды ойластырып отыр. Бұл туралы боксшының өзі Sky Sports телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпараттық агенттігі vesti.kz-ге сілтеме жасап.
«Мен аса ауыр салмаққа ауысып, барлық жанкүйерге өзімнің мықты екенімді дәлелдеймін. Менің қаншалықты мықты екенімді Джошуамен кездесуімде көресіздер. Бірақ ол жекпе-жек қазір болмайды. Менен үнемі Энтонидің деңгейін сұрап жатады. Джошуаның қаншалықты күшті екенін менімен болатын кездесуде көресіздер», – дейді Усик.
Сонымен қатар Усик жуық арада аса ауыр салмаққа ауысу туралы ойы жоқ екенін айтты. Боксшының барлық назары қазір WBC белбеуінің иегері Майрис Бриедиске қарсы өтетін кездесуге ауып отыр.
«Менің ойымша, Бриедис – карьерамдағы ең мықты қарсылас. Ол 23 рет жеңіп, бірде-бір рет жеңілген жоқ. Соққысы да мықты. Сондықтан мен оны қауіпті қарсылас деп ойлаймын. Мен негізі үнемі 12 раунд жұдырықтасуға дайындаламын. Бірақ алдағы кездесуді Майристі нокаутқа түсіруге тырысамын», – дейді Усик.
Айта кетейік, Усик пен Бриедис арасындағы кездесу 27 қаңтар күні Ригада «Arena Riga» спорт кешенінде өтеді.
Ал Энтони Джошу болса өзінің келесі кездесуін 31 наурыз күні Кардифф (Уэльс) қаласындағы «Principality Stadium» аренасында өткізеді.
Оставить комментарий