Қытайға анасын көруге барған отандасымыздың қолына кісен салынды

/uploads/thumbnail/20180125125920215_small.png
 

9 қаңтарда Бақты кеден бекетінен өткен Ерсінбек Құрметтің қолына Қытай полицейлері кісен салған. Былтыр Қазақстан азаматтығын алған жігіт Қытайға анасын көруге аттанған. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі ktk.kz-ке сілтеме беріп хабарлайды.

Ерсінбек Құрметтің жары мен баласы министрліктен көмек сұрап хат жазған. Қазір оның ісі бойынша отандық дипломаттар айналысып жатыр. Сыртқы істер министрлігі көрші елдегі әріптестеріне шекарада ұсталған отандасымызға қатысты ақпарат беруін сұрап өтінім жіберді.

- Біз Ерсінбек Құрмет жұбайынан тиісті өтінім алдық. Қазір тиісті анықтау жұмыстары басталды. Біз Қытай тарапына қажетті сауал жасадық. Жақын арада жауап күтіледі, - деді ҚР СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақов.

Оставить комментарий

Связанные Статьи