Халық Банк «Игі істер фестивалін» бастады

/uploads/thumbnail/20180125142136129_small.jpg

20-21 қаңтарда еліміздің 20 қаласында 80 мыңға жуық қазақстандық мұз айдынында өткен Халық банктің науқанына қатысты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Халық Банкінің 95-жылдығына орай Банк «Игі істер фестивалі» науқанын ашты.  

«Даладағы аязға қарамастан арнайы мұз ареналары мен мұз айдынына келген адамдардың легі екі күн қатарынан азаймады. Олардың тарапынан айтылған алғыстар мен ізгі ниеттерінен-ақ бастамамыздың дұрыс екеніне көзімізді жеткіздік. Біз ауқымды «ізгілік эстафетасын» іске қостық және де осы эстафетамызға клиенттеріміз көптеп қосылып жатса нұр үстіне нұр болар еді», - деді Қазақстан Халық Банкінің басқарма төрағасының орынбасары Аслан Талпақов. 

Банктің осы бастамасының негізі мен бір жыл бойы ұйымдастырылатын барлық қайырымдылық шараларды байланыстыратын нәрсе ол игі іс жасау және осы іспен барша қазақстандықтармен бөлісу болып табылады. 2018 жылдың әр айы жалпы тақырыптардың біріне арналмақ: спорт пен салауатты өмір салты, ұлттық дәстүр, өскелең ұрпақ пен қарт адамдарға деген қамқорлық, сонымен қатар мәдениет пен өнерді де қамтитын болады. Халық банктің «Игі істер фестивалі» аясындағы әрбір жаңа науқан жайындағы ақпарат алдын ала жарияланып тұрады.

«Банктің 95-жылдық мерейтойы кем дегенде 95 игі істермен қоса атқарылуы тиіс деп шештік. Міне, осы істерді біз өз клиенттерімізбен бірге іске асырамыз деп жоспарлап отырмыз. Біздің бастамамыз достықты нығайтуға және ұлтаралық келісімге, сондай-ақ қоғамда пайдалы жобаларды қолдауға азғантай болса да өз үлесін қосатынына сенеміз мол», – деді өз сөзінде Аслан Талпақов.

Банктің 95-жылдығына арналған мерекелік іс-шараларға Қазақстан Халық Банкінің акционерлері құрған Halyk қайырымдылық қоры да қатысатын болады. Қор өзінің әлеуметтік және қоғамдық мәні бар бағдарламаларын кеңейтеді, олардың қатарына: жетімдер үйін компьютерлендіру жобасы; ғылыми-көпшілік тақырыптарға арналған танымдық бейнеконтенті бар SmartHalyk Youtube-арнасы; еліміздің екі басты опера театры – Astana opera мен Алматы қаласындағы Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрымен ұйымдастырылған жаңа қойылымдар жататын болады. Бұдан басқа, Halyk қоры баскетбол мен футзалдан балалар мен студенттердің спорт жарыстарын өткізу бойынша өзінің дәстүрлі қолдау көрсетуін жалғастырады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи