Дональд Трамп өзінің исламофобиялық мәлімдемесі үшін өкінетінін айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Ол бұл туралы «Қайырлы таң, Британия» атты телешоуда айтқан болатын. Журиналист америкалық президентпен сұхбаттаса келе, оның британдық мұсылмандардың намысына тиген мәлімдемесі үшін кешірім сұрау керектігін айтты.
Еске сала кететін болсақ былтыр қазан айында америкалық лидер өзінің әлеуметтік парақшасына «Britain First» атты оңшыл британдық топқа қатысты исламофобиялық мазмұндағы видеоны жариялаған. Бұл видео көпшіліктің мұсылмандарға деген көзқарасын өзгертіп, оларға деген жек көрінішін арттыра түсті. Аталған видео британдық азаматтармен қатар басқа да мұсылмандар өз қарсылығын білдірді.
Бұл видеоға қатысты президент өзінің өкінетінін және де кешірім сұраудан бас тартпайтынын айтты.
«Егер сіз маған олар («Britain First») өте нашар, өздерінен басқасын алалайтын адамдар деп, айтсаңыз, сіздің қалауыңыз бойынша мен міндетті түрде кешірім сұраймын. Егер бұл әділетті болатын болса мен кешірім сұраймын», дейді Дональд Трамп.
«Мен олар туралы ештеңе білгім келмейді. Олармен қарым-қатынас жасағым да келмейді», дейді Трамп.
WORLD EXCLUSIVE: In his first international interview since becoming US president, @realDonaldTrump says sorry for retweeting anti-Muslim videos. @piersmorgan https://t.co/kFCEKnYxyI
— Good Morning Britain (@GMB) 26 января 2018 г.
The full interview will air on Sunday 28 January at 10pm on @ITV and available on the @itvhub. pic.twitter.com/Am5nH1jvPw