Атлантикалық жылу Қазақстанға да келеді

/uploads/thumbnail/20180130000641814_small.jpg

Синоптиктер 30 қаңтар – 1 ақпан аралығындағы ауа-райы қалай болатынын айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасай отырып.

Алтайда орналасқан суық және күшті антициклон әдеттегідей Қазақстанның ауа-райының өзгеруін анықтайды. Сондықтан демалыс күндері ауа температурасы нормадан республиканың көптеген облыстарында 8-15 °C-қа дейін, ал оңтүстікте және оңтүстік-шығысында 17...22°С төмендеді. Бірақ қатты аяз бәсеңдеп, 29 қаңтарда республиканың солтүстік бөлігінде ауа температурасы - 20..27 °С аралығында болды.

Алдағы үш тәулікте Атлантика мен Қара теңізден жылжыған жылы және ылғалды ауа массаларының әсерінен температураның көтерілуі тек батыс және солтүстік аймақтарда ғана емес, Қазақстанның оңтүстік және шығыс аймақтарында да күтіледі.

Оставить комментарий

Связанные Статьи