Үндістанда ер адам МРТ аппаратының салдарынан көз жұмды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі NDTV арнасының мәліметіне сүйене отырып.
Раджеш Мару есімді пациент ауруханадағы МРТ кабинетіне тексерілуге келген болатын. Алайда сканердің магниттік өрісінің қуаты тым күшті болуының салдарынан ол бірден ішіне еніп кеткен. Аппаратты дереу өшіріп, ішінен Раджеш Маруды алып шыққанмен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған, ол он минуттан соң көз жұмған.
Қаза тапқан ер адамның туыстарының айтуынша, мекемедегі дәрігерлер аппараттың өшірулі тұрғанын айтып, оның ішіне кіру қауіпсіз екендігін жеткізген. «Біз бұл кабинетке металл затпен кіру аса қауіпті екендігін айтқанда, олар үнемі осылай кіріп жүргендерін айтып сендірді», - дейді туыстары.
Полиция бөлімшесінде аталмыш іске қатысты екі жауапты адам мен дәрігердің үстінен қылмыстық іс қозғалғандығын мәлімдеді. Ауруханаға болған оқиғаға байланысты тексеріс жұмыстары жүргізілетіндігі белгілі болды.
Оставить комментарий