Иранда соңғы жылдары хиджаб киюге қарсы жалғыз адамдық шерулер жиі өтеді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме беріп хабарлайды.
Әйелдер бастарынан орамалдарын шешіп,оны қолдарына немесе таяққа орап ары-бері бұлғайды. Иран әйелдерінің құқығын қорғау акциясы Ислам революциясынан кейін алғаш рет жүргізіліп отырған жаппай шеруге айналды. Әлеуметтік желіде шеруге шыққандардың фотолары мынадай хэштегтермен #WhiteWednesdays #IranianProtests #IranUprising #FreeIran таралып жүр.
Хиджабқа наразы болғандардың ішінде ерлер де бар.
Иран заңына сәйкес, әйелдерге қоғамдық орындарда орамалсыз жүруге тыйым салынады. Тәртіп бұзғандар қамауға алынады. Алайда, ирандық әйелдердің көпшілігі өз наразылықтарын әлеуметтік желі арқылы жеткізеді.