Алматыда жер сілкінісі болды

/uploads/thumbnail/20171125102012104_small.jpg

 Алматы қаласында жер асты дүмпулері сезілді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жер сілкінісі 2 ақпанда сағат 15:20-да болды.

ММ «ҚР Білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының» хабарлауынша, жер сілкінісі сағат 15:20:44-те болған. Эпицентрі Алматы қаласынан батысқа қарай бес шақырым жерде болған.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8,5.

Магнитудасы – 3,7 бал.

Тереңдігі 10 шақырым.

Алматы тұрғындарына 2-3 бал шамасында сезілді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи