Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын күтіледі, тек оңтүстік-батыста, оңтүстікте, солтүстікте, солтүстік- батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме беріп хабарлайды.
Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман,көктайғақ күтіледі. Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын және жел 15-23 м/с күшеюі сақталады. Шығыс Қазақстан. облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с бұрқасынмен күшейеді. Қызылорда, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, жел 18 м/с күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.