Алматы облысында полиция із-түссіз жоғалған кәмелет жасқа толмаған жасөспірмді тапты. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі patrul.kz-ке сілтеме беріп хабарлайды.
16 жастағы қыз 28 қаңтарда ГРЭС ауданындағы тұрғын үйінен белгісіз бағытта кетіп қалған. Кеше сағат 15:50-де құқық қорғау органдары жасөспірімді тауып алған. Қызды іздестіруге барлығы 18 полиция қызметкері жұмылдырылған.