АҚШ-тың бірінші ханымы Меланья Трамп жұбайымен суретке түсуден бас тартқан. Бұл жағдай видеоға түсіп желіде таралып кеткен. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме беріп хабарлайды.
Оқиға Флоридада Палм-Бич әуежайында орын алған. Ерлі-зайыптылар хаттамаға сәйкес ұшақтан бірге түсіп журналистер алдында фотоға түсуі керек болатын. Твиттерде жарияланған видеода Меланьяның Дональд Трамптан алшақ жүргенін, фотоға түсуідің орнына ұшақтан түсіп бірден көлікке отырғанын көруге болады. Трамп жалғыз өзі фотографтарға қол бұлғап, кейін көлігіне аяңдаған.
Айта кетейік, Меланья Трамп АҚШ президентін осыған дейін де ыңғайсыз жағдайға қалдырған.
.@realDonaldTrump @FLOTUS & Barron get in limo for ride to Mar-a-Lago. #TrumpInPalmBeach pic.twitter.com/piUi4Sp6nr
— George Bennett (@gbennettpost) February 3, 2018