Өзбекстан президентінің жарлығымен Өзбекстан Республикасы бірқатар елдің азаматтарына визасыз режим енгізбек, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі xabar.uz мәліметіне сүйеніп.
Шавкат Мирзиёев 10 ақпаннан бастап Түркия, Индонезия, Оңтүстік Корея, Малайзия, Сингапур, Жапония және Израиль азаматтарына 30 күндік визасыз режим енгізу туралы жарлыққа қол қойды.