Үш жастағы бала -36 градуста жалаңаяқ жүріп, ауруханаға жеткізілді

/uploads/thumbnail/20180130000641814_small.jpg

Ресей Федерациясының Якутск қаласында үшінші ақпанда үш жастағы бала аяғы үсіп ауруханаға жеткізілген. -36 градуста аяқ киімсіз көшеде жүрген  балаға  екінші дәрежелі үсік шалу диагнозы қойылған . Бұл жайында Риа Новости хабарлайды.

Үш жастағы баласын туысына қалдырып баланың анасы дүкенге кеткен. Артынша ер адам да баланы үйде  қалдырып, өзі шығып кетеді. Жалғыз қалған бала сырт киімсіз және аяқ киімсіз пәтерден шығып кеткен. Оны өтіп бара жатқан тұрғындар байқап, бала тұратын көпқабатты үйдің ішіндегі дүкенге алып барған.

Бала жедел медициналық көмек орталығының күйік бөлімінде жеткізілген.

Тергеу жұмыстары басталып, оқиға болған кезде балаға жауапты болғандарға құқықтық баға берілмек.

Синоптиктердің айтуынша, 3 ақпанда Якутияда күндіз ауа температурасы – 36 градусты көрсеткен.

Связанные Статьи