8-10 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

/uploads/thumbnail/20180130000641814_small.jpg

Синоптиктер 8-10 ақпан аралығында ауа райының жауын-шашынсыз болатынын мәлімдеді. Ал 10 ақпаннан кейін республиканың кей өңірлерінде қар жауып, боран соғады. 

"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, республикадағы ауа райына әсер еткен антициклон Батыс Сібірге қарай баяу ығысуда, онымен бірге аяздың да беті қайта бастады. Оның орнына Қазақстанның солтүстік-батыс аудандары биік циклонның ықпалында болады. 

«Сондықтан алдағы екі тәулікте республиканың басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады. 10 ақпанда жағдай өзгереді, солтүстік-батыс, солтүстік және орталық облыстарда қар жауып, боран соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с барады», — делінген хабарламада.

Оставить комментарий

Связанные Статьи