Брэд Питт Лос-Анджелесте жол апатына ұшырады

/uploads/thumbnail/20180209100847984_small.jpg

Америкалық актер әрі продюсер Брэд Питт Лос-Анджелесте жол апатына ұшырады, деп жазды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап. 

Актер «Tesla» көлігімен алдында келе жатқан «Nissan Altima» көлігіне соққан, ал ол өзінің алдындағы «Kia Soul» автокөлігіне соғылған. Питт автокөліктен түсіп, бүлінген көліктерді, жүргізушілердің құжаттарын телефонға суретке түсіріп алған. Зардап шеккен жүргізушілер де актердің құжаттарын смартфонға түсіріп алыпты.    

БАҚ-тың мәліметінше, жүргізушілер Брэд Питтің еркін әңгімелесуге тырысқанына қатты таңғалған.  

Жол апатын бүге-шігесіне дейін талқылағаннан кейін олар көліктеріне отырып, оқиға орнынан кеткен. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи