Оңтүстік Корея соты елдің бұрынғы президентінің құрбысы Чхве Сун Сильді 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Ол пара алды, елдің саяси ісіне араласты деп айыпталған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Сонымен қатар, Чхве Сун Силь 18 млрд вон айыппұл төлейді (16,6 млн доллар шамасында).
Чхве Сун Силь бірнеше жыл экс-президент Пак Кын Хенің кеңесшісі болған.
Пак Кын Хе мен Чхве Сун Силь айналасындағы дау журналистің қонақ үй қоқыс жәшігінен құпия құжаты бар планшетті тауып алғаннан кейін басталды. Онда Оңтүстік Корея президентінің жиындарда айтатын сөздері жазылған.
Пак Кын Хе президент қызметін атқарғанда жиында айтатын сөздерін дайындау барсында жақын құрбысымен кеңескенін, осылайша оған елдің құпия құжаттарын көрсеткенін мойындады. Бұл Оңтүстік Корея конституциясын бұзу болып саналады.
Чхве Сун Сильге 2016 жылы қарашада өз қызметін асыра пайдалану айыбы тағылды.