Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде қар жауып, жел күшейеді. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және орталықта көктайғақ күтіледі. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме беріп хабарлайды.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерде түнде жел жаяу бұрқасынмен 18 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с, күндіз кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлеріндежаяу бұрқасын, Қостанай облысында тұман күтіледі. Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.