ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 15 ақпан күні 23 сағат 38 минут 12 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Зілзала ошағы Алматы қаласының аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 7.2. MPV магнитудасы - 3.8. Тереңдігі - 5 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер: Алматы қаласында - 2 балл», - делінген «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ хабарламасында.