Qamshy.kz ақпарат агенттігі белгілі жазушы-драматург Дулат Исабековке: «Қазақ әдебиетінде постмодернизм бар ма?» – деп сұрақ қойды. Жазушының айтуынша, қазақ әдебиетінде постмодернизм жоқ.
– Постмодернистер – не идеясы жоқ, не идеологиясы жоқ, не мақсаты жоқ, белгілі бір кәсібі жоқ, жүрген белгісіз, өмірден өзін-өзі жоғалтып алған немесе жоғалтудың алдында тұрған, өзінше әлденеге тырысып, өзгеден бөлекпін дейтін адамдар. Мазмұн мен идеяға құрылмаған шығармалар – постмодернизм. Мен америкалық жазушы Чак Паланиктің «Бойцовский клуб» романын оқып жатырмын. Міне, «настоящий» постмодернизм. Бізде соған еліктеу ғана бар», – дейді Дулат Исабеков.
Айта кетейік, Qamshy.kz сайтында Дулат Исабековтің «Қазақ әдебиетінде постмодернизм жоқ» деген сұхбаты жарияланған болатын. Іле-шала Massaget.kz сайтында «Қазақ әдебиетінде постмодернизм бар ма?» деген мақала шықты.
Оставить комментарий