Ата-анасы өлді деп ойлаған бала жеті жыл бойы жетімдер үйінде болған

/uploads/thumbnail/20180221195241943_small.jpg

Волгоградтағы перзентхана қызметкерлерінің қателігінен ерлі-зайыпты ұлдарын жеті жыл бойы өлді деп ойлаған. Осы уақыттар ішінде жеті жастағы бала жетімдер үйінде өсті. Бұл туралы Ресейдің Волгоград облысындағы Федералдық сот орындаушысының қызметі хабарлаған.

Жергілікті БАҚ таратқан деректерге сүйенсек, перзентханада 2011 жылы жаңа босанған әйелге сәбиінің бір аптаға жетпей өлетінін айтқан. Мұны білген ерлі-зайыпты бас тарту туралы арыз жазады. Алайда райынан қайтқан ата-ана бес күннен соң сәбилерін алып кетуге балалар үйіне барғанда, қызметшілер ұлдарының ендігі өліп қалғанын айтады.

Жеті жыл өткен соң сот қызметкерімен кезіккен әйел күтпеген тосын сыйға кенеледі. Сот орындаушысына кәмелеттік жасқа толмаған балаға күтім жасап жатқан интернаттың пайдасына төленетін алиментті ата-анасынан өндіру жөнінде құжат түскен. Сот қызметкері олардың мекен жайын таппаған соң, анасының шотын бұғаттап тастайды. Бұл жағдайдан кейін әйел әлгі сот қызметкерінің өзіне барып, істің мән-жайын анықтағысы келеді. Тиісті құжаттарды оқып, ұлының тірі екенін біледі. Себебі осы уақытқа дейін ерлі-зайыпты сәбиді өлдіге санап келген.

«Балаларының тірі екенін аяқ-асты білген ерлі-зайыпты ата-ана құқығын қайтару үшін сотқа жүгінді. 2017 жылдың қарашасында жеңіске жетіп, 2018 жылы бала заңды түрде биологиялық ата-анасының қолына өтті», - делінген Волгоград облысындағы Федералдық сот орындаушысының қызметі таратқан ақпаратта.

Оставить комментарий

Связанные Статьи