Кишинев тұрғыны Алексей Митаки әйелі, Playboy журналының моделі Анастасия Чекатиді өлтіріп, артынан өз өмірін де қиды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі publika.md басылымына сүйеніп жазады.
Басылымның мәліметінше, құқық қорғау органдарының қызметкерлері көп қабатты үй терезелерінің астынан ер адам денесін тапқан. Пәтердің ішінде мойны кесілген әйел денесі табылған. Осыдан кейін, ер адамның қылмыс жасап, өзін-өзі өлтіргені белгілі болды. Алайда оның неліктен бұл әрекетке барғаны белгісіз.
Олармен қоса, пәтерде үш аптаға толған сәби қыз болған. Сәбиге ешқандай зақым келмеген және олар құтқарушылардың қолында.
Анастасия көптеген белгілі GQ, Playboy және Maxim журналдарына түскен. Ол өзінің Instagram парақшасын белсенді түрде жүргізіп, өзі айқан әндерінің бейнеклиптерімен және фотоларымен бөлісіп отырған.
Оставить комментарий