Бұл оқиға Ресейдің Волгоград қаласында болған. Ата-ана 7 жыл бойы баласын өлді деп ойлаған. Баланың ата-анасы жайлы сот орындаушылары алимент төлеуін талап етіп хабарласқан. Белгілі болғандай жеті жыл бойы дені сау бала жергілікті интернатта тұрған. Бұл жайында Life.ru жазады.
2011 жылы волгоградтық ерлі-зайыптылардың отбасында ұл дүниеге келген. Алайда дәрігерлер баланың қатерлі аурумен туғанын айтқан. Дәрігерлер бұл аурумен бала бір аптадан артық өмір сүрмейді деп анасын көндірген. Сол кезде ата-ана жүректегі қорқынышпен баладан бас тартқан.
Алайда бір апта өткен соң ата-ана өз шешімдерінен айнып, баланы қайтарып алмақ болады. Ауруынан айықтырып, өсіруді ойлайды. Перзентханаға келген сәтте дәрігерлер баланың шетінеп кеткенін айтқан.
Алты жыл өткен соң әйелге банктен хат келген. Сот орындаушыларының шешімімен әйелдің есепшоты 230 мың рубльге бұғатталған. Ол өзінің еш қарызы болмағанын айтып федералды сот орындаушыларының филиалына келген.
Анықталғандай әйел өзінің «өлген» баласы алты жыл өмір сүрген интернат-үйіне алимент төлемеген. Интернат басшылығы сот орындаушысына шағым жасап келген. Ерлі-зайыптылар өздерінің ұлдары үшін алимент төлемегенін айтқан.
Сол күннен кейін ерлі-зайыптылар өз балаларын қолдарына алған. Ата-аналық құқығын қайтарған. Алайда перзентхана қызметкерлерінің неге баланы өлдіге балғаны әлі де болса белгісіз.
Оставить комментарий