Теледидар алдында көп отырудың зияны

/uploads/thumbnail/20180223143159217_small.jpg

Теледидарды көп көру веноздық тромбоздың пайда болу қаупіне әкеледі. Аталған шешімге АҚШ-тың Миннесот университетінің ғалымдары келді. Бұл жайында sciencedaily.com басылымы жазады.

Дәрігерлер 24 жыл бойы 15 мың америкалықтың денсаулығын бақылаған. Олардың орташа жасы – 45-46. Жыл сайын нысандардың денсаулығын бақылап отырған. Сол аралықта 691 адамның  веноздық тромбозға шалдыққанын айтып отыр.

Бұл дертке шалдыққандардың басым көпшілігі теледидар алдында көп уақыт өткізгендер екені де анықталды. Дәрігерлердің айтуынша, бір орында қозғалыссыз отыру —денсаулыққа зиян. 

Венозды тромбоз – тамырлар  ішіне қанның жиналуы. Ауру емделмеген жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.

Оставить комментарий

Связанные Статьи