Бүгін Алматы қаласы Түрксіб ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының мұрынбық болуымен 83 мектеп-гимназиясында "Ерлік - ұрпаққа ұран" тақырыбында ерлік сабағы өткізілді. Сабақта патриотизмге ерекше көңіл бөлінді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Аталған шараға 83 мектеп-гимназиясының директоры Нұрғалиева Ажар Ғазизқызы, мектеп директорының орынбасары Казанцева Вера Викторовна, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, ауған соғысының ардагерлері, мектеп оқушылары қатысты. Мектеп директоры Нұрғалиева Ажар Ғазизқызы: "патриот дегеніміз – Отанын, халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам.
Сонымен бірге өз Отанын, халқын шексіз сүйе отырып, барша күш-жігерін Отан мүддесіне арнаған адамға тән терең сезім" деп өз ойын айтты. Шара барысында Қазақстан Республикасы президенті Н.Назарбаевтың "Қазақстан – 2050" стратегиялық бағдарламасындағы еліміздің ұлттық қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін, егемендігін таныту туралы қадамдары талқыланып, жастар патриотизмнің қалыптасуына назар аударылды Әсіресе, патриотизм - дәл бүгінгі шақта көтеріліп отырған маңызды мәселелер қатарында жастарды патриоттық сезімге баулып, өсіру өзекті саналады.
Тағы айтып кететін болсақ, Алматы қаласы Түрксіб ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы, Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімдігі мектептермен тығыз байланыс жасап, үнемі бірге жұмыс атқарып келеді.
Оставить комментарий