Алматыда туберкулездің ашық түрімен ауыратын екі студент анықталды

/uploads/thumbnail/20171207131035039_small.jpg

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде екі студенттің туберкулездің ашық түрімен ауыратындары анықталды. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Студенттермен соңғы кездері байланыста болған 50 студент туберкулезге қарсы диспансерге жіберілді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да студенттің ауруға шалдыққаны медициналық тексеріс барысында анықталған.

«Ақпан айында туберкулездің ашық түрімен ауыратын екі студент анықталды. Біреуі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті, екіншісі ҚазАТУ студенті. Жалпы, 2017 жылы ҚазҰУ-да 5 студент анықталған. Биыл да ол жағдай азаймай отыр. ҚазАТУ-да 2017 жылы екі туберкулез студент анықталған болатын. Қыздар педагогикалық университетінде 2017 жылы 7 жағдай тіркелген. Туберкулезбен ауыратын студенттердің барлығы жатақхана тұрғындары», - деді Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айзат Молдағасимова.

Дәрігерлердің айтуынша, жоғарғы оқу орындарында туберкулездің қауіпті формаларымен ауыратын студенттер шығып тұрады. Оның басты себебі, адамға лық толы әрі ескі жатақханалар мен лас аудиториялар.

Алматылық санитариялық дәрігерлер қала прокуратурасына шағым түсірмек.  Олар ауру шыққан оқу ордаларының басшылары мен алматылық студенттер медициналық тексеруден өтетін орталықтардың әкімшілік жауапқа тартылуын сұрамақ.

Оставить комментарий

Связанные Статьи