«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның басқарма төрағасы Ерлан Қариннің бұйрығымен Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры болып Бердімұратов Бауыржан Қамбарұлы тағайындалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Қазақстан-Шымкент» телеарнасына сілтеме жасап.
Ұжымға жаңа басшыны «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасының орынбасары Серік Егізбаев таныстырды.
«Ońtústіk» телеарнасын бұған дейін басқарған Уәли Сағындықұлы Қыдыр «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның Шаруашылықты қамтамасыз ету басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Бауыржан Бердімұратов 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданында туған. Алматыдағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетін тәмәмдаған. Мамандығы бойынша - филолог. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде экономика және басқару мамандығы бойынша оқыған. Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында редакторлықтан бастап, басшылық қызметтерді атқарған.
1996-1998 жылдар аралығында Қаныш Сәтбаев атындағы қазақ мемлекеттік политехникалық университетінде аға оқытушы, 2009-2015 жылдары республикалық «Рахат ТВ» телеарнасының директоры-бас редакторы болып қызмет атқарды.
2017 жылдан бастап бүгінге дейін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысының орынбасары болып еңбек етті.
Оставить комментарий