АҚШ КХДР-ге БҰҰ арқылы қысым жасауын жалғастыра береді

/uploads/thumbnail/20180203201317947_small.jpg

АҚШ КХДР-ге БҰҰ арқылы соққы жасауын жалғастыра береді. Бұл жайында БҰҰ жанындағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Никки Хэйли Вашингтоннан Пхеньянға қарсы санкцияларды қатаңдатқаннан кейін хабарлады. АҚШ Пхеньянға қарсы санкцияларын көбейтуді жоспарлап отыр, деп жазады Риа Новости.

Хейлидің айтуынша, АҚШ Солтүстік Кореяға деген көзқарасын да позициясын да өзгертпейді.

 «Біз Солтүстік Кореяға деген қысымды кеңейтіп жатырмыз.  КХДР іс-қимыл бағытын өзгертпейінше, бізде бар барлық құралдарды, соның ішінде БҰҰ-дағы серіктестерімізбен бірлесе жұмыс істеп қысым жасай береміз. Әлем Солтүстік Кореяны ядролық держава ретінде қабылдамайды», - деді Хейли.

Оставить комментарий

Связанные Статьи