24 ақпанға арналған ауа райы болжамы

/uploads/thumbnail/20180224112520867_small.jpg

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 24 ақпан күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Кей жерлерде жауын жауып, тұман, көктайғақ болады.

Тек республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысында және солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың басым бөлігінде тұман сақталады.

Алматы облысының кей жерлерін түнде тұман басады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Шығыс Қазақстан облысының тұман, жаяу бұрқасын, 15-20 м/с екпіндегі жел күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи