Әлемдегі ерекше аналар (фото)

/uploads/thumbnail/20180225143505259_small.jpg

Әлем тосын жайттарға толы. Төмендегі тізімнен әлемдегі ең көп балалы отбасы мен ең жас ананы көре аласыз. 

Әлемдегі ең бірінші аяғы ауыр ер адам

ана

Трейси Лагондино он жасында өзінің денесіндегі жайсыздықты сезінген. Сегіз жыл өткен соң өз жыныс мүшесін ауыстырған. Операцияның нәтижесінде Трейси Томасқа айналған. Алайда жас жігіт жыныстық органдарын ауыстырмаймын деп шешкен. 2007 жылы Логандино жасанды ұрықтану арқылы бала көтерген. Ал әйелі Нэнси Бити донор болған.  2008 жылдың 3 шілдесінде Сьюзен Джульетта Бити есімді ұлды дүниеге әкелген.

Сегіз баланы дүниеге әкелген америкалық рекорд орнатты

Life.ru

Калифорниялық  Надя Дэниз Дауд-сулеман Гутьеррес 2009 жылы бір мезгілде сегіз баланы дүниеге әкелді. Бұл АҚШ-тағы әйелдің сегіз баланы дүниеге әкелген екінші жағдай. Біріншісі 1998 жылы тіркелген. Надяның сөзіне қарағанда, ол жасанды ұрықтану арқылы көтерген. Бұдан бөлек оның тағы алты баласы бар.

Әлемдегі құрсағы кең суррогат ана

Life.ru

42 жастағы Кэрол Хорлок әлемдік рекорд орнатқан суррогат ана. 13 жыл ішінде әйел 12 бала көтерген. Оның ішінде үшем де бар. Кэрол ақшадан қысылған кезде бір ретғана суррогат ана боламын деп ойлаған.

69 бала босанған көп балалы ана

Life.ru

Бұл отбасы 19-шы ғасырда Ресей империясында тұрған. Федор Васильевтің әйелі 27 рет құрсақ көтеріп, 69 бала босанған.

Әлемдегі ең кішкентай баланы босанған әйел

Life.ru

2004 жылы 19 қыркүйекте Үндістанда Махаджабина Шейх есімді әйел әлемдегі ең кішкентай сәбиді дүниеге әкелді. Есімі – Рамашу Рахман. Сәбидің дүниеге келген кездегі салмағы  - 243,81  грамм. Ал ұзындығы – 10 см. Әйел сәбиін 25 апталық кезінде дүниеге әкелген.

Әлемдегі ең қарт ана

Life.ru

Үндістандық Райо Деви Лохан тұңғышын 70 жасында дүниеге әкеліп, әлемдегі ең қарт ана атанды. Райо 40 жыл бойы сәби көтергісі келген. Нәтижесінде 2008 жылы сәбиін дүниеге әкелді.

Егіз дүниеге әкелген әлемдегі ең қарт ана

Life.ru

Омкари Панвир 70 жасқа келгенде екі қыздың анасы және бес немеренің әжесі болған. 77 жастағы күйеуі Чаран Сингх Панвир ұл болуын қалаған. Нәтижесінде Панвир егіз дүниеге әкелген. Әйел жасанды ұрықтандыру арқылы сәби көтерген. Баланың дүниеге келуі үшін ер адам бар мүлкін сатқан.

Әлемдегі ең жас ана. Жасы небәрі бесте

Life.ru

Лина Медина тұңғышын бес жасында дүниеге әкелген. Оқиға 1939 жылы болған. Бастапқыда Линаның іщінде ісік бар деп ойлаған. Оның жүкті екенін дәрігерлер жүктіліктің жетінші айында айтқан. Лина 14 мамырда салмағы 2,7 келі ұл баланы дүниеге әкелген. Сәбидің есімін Херардо қойған.

Жүктілік арасындағы рекорд

Life.ru

АҚШ тұрғыныЭлизабет Энн Баттл екі жүктіліктің арасындағы жыл бойынша рекорд орнатқан. Тұңғышын  19 жасында 1956 жылдың 19 мамырында дүниеге әкелсе, араға 41 жыл салып екінші сәбиін туған. Баланың есімі – Иосиф.

Оставить комментарий

Связанные Статьи