Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын жауады, тек республиканың оңтүстік-шығысында, орталығында және шығысында жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі.Кей жерлерінде жел күшейеді, жаяу бұрқасын болады, батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Республиканың басым бөлігінде тұман сақталады деп хабарлайды Қазгидромет.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, Жаланашкөл ауданында желдің 15-20, екпіні 25 м/с күшеюі күтіледі. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшеюі күтіледі, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, күндіз жел 18 м/с күшейуі күтіледі. Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының ей жерлерінде тұман күтіледі.
Оставить комментарий