КХДР АҚШ-пен келіссөздер жүргізуге дайын

/uploads/thumbnail/20171012130315717_small.jpg

Солтүстік Корея билігі АҚШ-пен келіссөздер жүргізуге дайын. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі  The Washington Post-қа сілтеме беріп хабарлайды.

Мұндай мәлімдемені Пхенчандағы Олимпиада ойындарының жабылу салтанатына келген Солтүстік Корея делегациясының басшысы Мун Чжэн Ин жасады. Сонымен бірге, екі жақ бауырлас корей халықтарының қарым-қатынасын оңалтудың да маңызын атап өтті.

 Оңтүстік Корея президенті Корей түбегіндегі ахуалды ретке келтіру үшін АҚШ пен Солтүстік Корея келіссөздер жүргізу керек екенін айтты.  

Осыған қарамастан, АҚШ президенті өткен жұмада Солтүстік Кореяға қарсы санкциялар енгізетінін мәлімдеген болатын.

Оставить комментарий

Связанные Статьи