Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

/uploads/thumbnail/20180208140611504_small.jpg

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жауын жауады, тек республиканың шығысында ауа райы жауын-шашынсыз. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, жаяу бұрқасын болады, солтүстікте, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста көктайғақ болады. Елдің басым бөлігінде тұман сақталады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с болады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде 30 м/с-ға дейін күшейеді.

Жамбыл, Қызылорда облыстарында көктайғақ күтіледі. Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, түнде Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, түнде Атырау, Павлодар  облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Атырау облысында көктайғақ болады. Қостанай,  Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман,  жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Связанные Статьи