Қазақ жігіті балалардың діни сауатын ашатын қуыршақ жасады (фото, видео)

/uploads/thumbnail/20180226191214491_small.png

Отандық кәсіпкер балаларды имандылыққа баулитын қуыршақ жасап шығарды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Тоғыз ай бұрын бұл істі қолға алған Бағдат Тоқтарбеков күнұзақ теледидар мен телефонға үңілетін бүлдіршіндерге пайдалы дүние ойлап табуды мақсат тұтқан. Қуыршақтың есімі – Фатима.

Жоба авторы қуыршақты шығармай тұрып, оның қандай сөздер айтатынын мамандармен ақылдасқан. Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы кәсіпкердің ниетін құптап, «шариғатқа қарама-қайшылық жоқ» деген сертификат беріпті.

- Мақсатым – балалардың діни сауатын ашу. Ол мақсатымды кішкентай балалар қызығып ойнайтын қуыршақтар арқылы жүзеге асырмақпын. Әдетте бүлдіршіндер телефонмен ойнап жүріп, түрлі әндерді жаттап алады. Сол секілді қуыршақпен ойнап жүріп, иман шарттарын да жаттап алса деген ниет болды. Діни басқармамен ақылдастым. Бәрін зерттеп, саралап, діни басқарманың пәтуасын алып, былтыр жасап шығардық, - деді Бағдат Тоқтарбеков Qamshy.kz тілшісіне.

Қуыршақ Фатима

Қуыршақтар не үйретеді?

Кәсіпкердің айтуынша, қуыршақ екі түрлі нұсқада жасалған.

Біріншісі мұсылмандар білуге тиіс басты сұрақтардың жауабын үйретеді. Бұған қоса, Алла Тағаланың 99 көркем есімін жаттатады.

Екінші нұсқасы Құранан сүрелер оқиды және Аллаға мадақ сөздерді айтып, мағынасын түсіндіреді.

Араб тілінде онға дейін санайтын тағы бір нұсқасы бар. Алайда оған сұраныс аз. Сол себепті көп шығарылмайды.

 

1.Қасиетті Құраннан Сүрелер үйретеді. 2.Мұсылманның басты сұрақтарының жауабын үйретеді. 3.АЛЛАның 99 көркем есімдерін жаттатады. 4. АЛЛАға мадақ сөздерді үйретеді жəне олардың мағынасын түсіндіреді. 8 700 329 43 91- WhatsAap #үйретушіқуыршақфатима #үйретушімұсылманқуыршақ #мұсылманқуыршақ #мұсылманбыз #кукла #Фатима #обучающаякуклафатима #намазники #мечети #мешіт #8марта #8наурыз #сыйлық #подарокдетям #подарокдочке #доченька #любимая

A post shared by ҮЙРЕТУШІ ҚУЫРШАҚ "ФАТИМА (@muslimdolls_kz) on

Қуыршақтардың құны қанша?

Қуыршақ Фатима ресейлік материалдардан жасалған, ал үстіндегі киімдері қазақстандық матадан тігіледі. Бағдаттың сөзінше, қуыршақтың сапасы жақсы әрі денсаулыққа залалсыз.

Ал бағасы матасына қарай бағаланады екен. Мәселен, түрлі-түсті тастармен көмкеріліп, сәнді киінген қуыршақтың бағасы – 14 800 теңге. Бұл қуыршақтар көбіне сыйлық түрінде сатылады. Ұзындығы – 43 см. Ал киімі тастарсыз, қарапайым болса, ондай қуыршақтың бағасы – 10 800 немесе 11 800 теңге.

Қуыршақ Фатима

- Киімінде айырмашылық болғанымен, қуыршақтардың айтатын, үйрететін дүниесі бір, - дейді кәсіпкер.

Қуыршақтарды көбінесе намазхан азаматтар сатып алатыны сөзсіз. Алайда, Бағдаттың айтуынша, кейбір адамдар «өзім намаз оқымасам да, балам біліп қалсын» деген оймен тапсырыс береді екен.

- Үйіңізде қасиетті Құран аяттары айтылып тұрса, сіздің отбасыңыздан шайтан іргесін аулақ салады, - дейді кәсіпкер.

Бағдат Тоқтарбековтің ендігі жоспары – ұл балаларға арнап батыр іспетті қуыршақ жасап шығару.

Связанные Статьи