Өзбекстан азаматтары мінген автобус Хромтау ауданына қарасты Жазық ауылы маңында аударылды. «Мерседес» маркалы көлікте жүргізушімен қосқанда 25 адам болған. Абырой болғанда, жолаушылардың бәрі аман, тек жетеуі ауруханада ем алып жатыр. Бұл туралы КТК жаңалықтары хабарлады.
Автобусты жүргізген ОҚО-ның 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды.
2018 жылдан бері Ақтөбе облысында өзбек жолаушылары отырған екінші автобус апатқа ұшырап отыр. Бір айдан аса уақыт бұрын Ресейге бет алған жолаушылар көлігінде Өзбекстанның 52 азаматы тірідей жанып кеткен еді. Аман қалған автобус жүргізушісі мен екі көмекшісіне қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.