Бейжіңде қауіптің сары деңгейі жарияланды

/uploads/thumbnail/20180227093816116_small.jpg

Бейжің билігі сейсенбіде көп уақыттан бері алғаш рет ауа сапасының нашарлауына байланысты дабылдың сары деңгейін жариялады. Жергілікті уақыт бойынша 08.00-де PM2.5 бөлшектерінің деңгейі бір текше метрге 262 микрограммды құраған. Биліктегілердің айтуынша, ластанудың жоғары  көрсеткіші дүйсенбі кешке тіркелген. Ластану ауа температурасының жоғарылауымен тікелей байланысты. Бұл жайында Риа Новости жазады.

Ластану көрсеткіші адам денсаулығына қауіпті деп тіркеліп отыр. Ол тұман бейнесінде адам өкпесіне енуі мүмкін. Соңы ұстамаларға дейін әкеледі. Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша 25 микрограмм адам денсаулығына зиян емес.

Қауіптің сары деңгейі Бейжің уақытымен 9.30-дан сәрсенбі кешке дейін жалғасады.

Связанные Статьи