АҚШ-тың солтүстік-шығысындағы екі күннен бергі дауыл салдарынан көз жұмғандардың саны сегізге жетті. Бұл жайында Associated Press хабарлайды.
Нью-Йорк, Пенсильвания, Вирджиния, Мэриленд штаттарындағы дауылдан жеті адамның көз жұмғаны хабарланған болатын. Барлығы ағаштардың құлауынан көз жұмған. Сегізінші болып тағы бір ер адам жан тапсырды.
АВС арнасының мәліметінше, АҚШ-тың 13 штатында екі миллионға жуық адам жарықсыз қалған.
Оставить комментарий