Польша ЖОО-лары қазақстандықтарға оқу гранттарын ұсынады

/uploads/thumbnail/20180310092307201_small.jpg

Польша қазақстандықтарға бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша гранттар ұсынады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ыға сілтеме жасай отырып.

Польша Үкіметі білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы 2016 жылғы 3 маусымдағы № 328 Келісім шеңберінде поляк тілін бір жыл оқуды ескере отырып, Қазақстан Республикасының азаматтарына бакалавриат — 3 орын, магистратура — 4 орын және докторантура — 4 орын бағдарламалары бойынша гранттарды ұсынуда.

Келісім шеңберінде студенттер тегін оқиды, жоғары оқу орнының жатақханасында ақылы негізде тұра алады  (шамамен 80 — 150 еуро) және докторантура  студенттеріне арналған 300 еуро көлемінде стипендия ұсынылады.

Факультеттер мен білім беру мекемелерінің тізімі www.nawa.gov.pl сайтында орналасқан.

Связанные Статьи