Египеттік телжүргізуші тікелей эфир кезінде атеистпен жанжалдасып қалды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-тың дерегін негізге алып. Бұл видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.
Египеттік жас жігіт бағдарлама кезінде өзінің атеист екенін, Құдайдың барына сенбейтінін айтқан. Аталған бағдарламаға дін өкілі де қатысқан.
Атеист өзінің Құдайсыз да қоғамға пайдасын тигізе алатынын айтқан кезде имам одан не үшін атеист болғанын сұрайды. Ал әлгі жігіт Құдайдың бар екені ғылыми тұрғыда дәлелденбегенін тілге тиек еткен. Осы кезде тележүргізуші ашуын тізгіндей алмай, атеисті студиядан қуып жібереді.