АҚШ президентінің ұлы кіші Дональд Трамп өзінің жұбайымен ажыраспақшы деп жазады Лента.ру.
Ажырасуға ниет білдірген оның әйелі 40 жастағы Ванесса Трамп болған. 15 наурызда ерлі-зайыпты Манхэттендегі сотқа арыз жазған.
Ажырасу процесі екі жақтың толық келісімімен басталған.
Айта кетейік, кіші Дональд Трамп пен Ванесса Трамп 2005 жылы үйленген.