Ресей Федерациясында жетінші рет президент сайлауы өткізілуде. Сайлауда бірінші болып Ресейдің қиыр шығысында орналасқан Камчатка аймағы мен Чукотка автономды округының тұрғындары дауыс беріп жатыр, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.
Ресейдегі сайлау заңнамасы бойынша ел президентін сайлау жергілікті уақытпен сағат 08:00-ден 20:00 аралығында жүргізіледі. Дәл осы күні сайлаушылар үшін бүкіл Ресей ішінде 97 мыңға жуық сайлау учаскелері жұмыс атқаратын болады.