Алматы облысында Сәуле Жанпейісова шеберлік сабағын өткізді

/uploads/thumbnail/20180325153503411_small.jpg

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші Сәуле Жанпейісова қаламыздағы Қанабек Байсейітов атындағы саз колледжінің білімгерлерімен кездесіп,  шеберлік сабағын өткізді.

Алматы облысы

Ең әуелі оркестр құрамы бірнеше шығарма орындап, бұрын-соңды еш жерде орындалмаған туындының тұсауын  кесті. Айта кетейік, аталмыш оқу орны дәстүрлі ән бағыты бойынша екі жыл көлемінде шәкірт тәрбиелеп келеді. Нәтижесі көңіл қуантарлықтай. Жас өнер иелері тек елімізде ғана емес, алыс-жақын шет елдерде  өнер көрсетіп, жүлдегер атануда. Білім ордасының басшысы бұл үрдісті биылғы жылы да жалғастыру жоспарда екендігін атап өтті.

Алматы облысы

Кездесуге арнайы келген Сәуле Жанпейісова дәстүрлі ән өнерінің  кешегісі мен бүгіні, дәстүр жалғастығы, ұстаздық жолындағы қызықты сәттер мен қиындықтар жайлы кеңінен тарқатып берді. Әңгіме барысында “Өнер жолында қиын кезеңдер көп кездеседі. Соның барлығына төтеп бере білу қажет. Қандай қызмет атқарсам да өнерімді тастаған емеспін. Себебі, халық ең әуелі мені әнші ретінде таниды, бағалайды”-деді.

Алматы облысы

Сонымен қатар колледж білімгерлерімен шеберлік сабағын өткізді. Олардың сахна мәдениетін меңгеру деңгейі, әнді нақышына келтіре орындау, домбырада ойнау шеберліктеріне назар аудара отырып, бірнеше пайдалы  кеңестерімен  бөлісті.

Связанные Статьи