Виталий Бужан Талдықорған қаласында жастармен кездесу өткізді

/uploads/thumbnail/20180327203540592_small.jpg

Оқушылар сарайының үлкен концерт залында  "SMART ZHETYSU" жобасы аясында "Кәсібилік пен адамгершілік - болашаққа дайындық" тақырыбында мектеп оқушылары, студенттер, үкіметтік пен ұйымдар, мемлекеттік қызметкерлер алдында Қазақстанның кинномотография саласында өзіндік орыны бар "Гламур для дур", "Келинка тоже человек", "Брат и брак", "Тараз", "Я жених", "Сиситай", "Класстастар" фильмдерінің колористі Виталий Бужан мотивациялық алаңда сөз сөйледі

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі «SMART ZHETYSU» жобасын қолға алды. Мұндағы мақсат – әр салада табысқа жеткен тұлғаларды жастарға үлгі ете отырып, оларға мотивация беру және Қазақстанның болашағын қолдайтын, дамытатын платформа құру.

«SMART ZHETYSU» алаңының алғашқы қонағы болып, Қазақстан киномотография саласында өзіндік орнын қалыптастырып үлгерген жерлесіміз Виталий Бужан келді. Спикер жастармен кездесу барысында өзін-өзі дамыту және танымал маман болудың жолдарын айтып берді. Сонымен қатар, жас маман өзінің еңбек жолында жеткен жетістігі мен жеңілістері турасында сыр шертті.

Кездесу барысында әртүрлі сұрақ қойылып, соған сай тұщымды жауап берілді.

Бүгінде Виталий Бужан компьютерлік графиканы жетік меңгеріп, аз уақыт ішінде шетелге де танылып үлгерді. І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-да білім алған қарапайым студент, кезінде Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасында қатардағы монтажер болып жұмыс жасаған. Айтуынша, осындай биік белестерді бағындыруының бір ғана формуласы бар, ол – еңбек. Өмірлік басты ұстанымы да – әрекет ету. «Бастысы тоқтамай, әрекет ету керек. Қайталап істей беру керек. 1000 рет қайталап жасай бер. Тіпті, қолыңнан келмей жатса да тоқтама. 1001-інші рет жасағанда, ол міндетті түрде қолыңнан келеді. Алдыңа мақсат қойдың ба, соған жетуге талпын. Кімнің не дегені маңызды емес. Қалай болғанда да оны істің мәнісін жасап жатқанда көресің» – дейді өмірлік тәжірибесімен бөліскен спикер.

Алматы облысы

Виталий Бужан қазіргі уақытта кинофильмдер мен музыкалық клиптерді өңдеумен айналысады және көп уақытын осыған жұмсайды. Атап айтқанда, ол жақында жарыққа шыққан «Гламур для дур», «Брат или брак», «Тараз», «Келинка тоже человек», «Кластастар»,  «Я жених» және «Сиситай» сынды бірнеше фильмдердің монтажын жасаған. Сондай-ақ, ресейлік М-бэнд, қазақстандық 91 тобының бейнебаяндарын өңдеген. Шетелдіктер де Виталийдің жұмысына ерекше қызығушылық тудырып жатыр. Айтуынша, семинар-тренингтарда жиналғандардың көбі компьютерден сиқырлы бір «кнопканы» бассаң, әп-сәтте бәрі дайын болып шығатындай көреді дейді. Ал, шындығында оның барлығы таза еңбекпен келетін дүние. В.Бужан қалай және қандай бағдарламалармен жұмыс істейтінін жасырмай айтады, кеңес береді, көрсетіп, үйретуге талпынады. «Алайда, барлығын айтып, көрсетсең де, елдің көбі оны қайталап істемейді. Оның бірден-бір себебі, өзіне деген сенімділіктің жоқтығы мен жалқаулықтың басымдылығында», — дейді жас маман. Жиын соңында В.Бужан «Мен де сендердердің қатарларыңнан шықтым. Талмай еңбек етіңдер! Және ертеңге қалдырмай, дәл қазір іске кірісіңдер!» деп кеңес берді.

Связанные Статьи