Бәрі көз алдымда болды – ШҚО әкімі су тасқыны жайында

/uploads/thumbnail/20180326170743520_small.jpg

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Шемонаиха ауданындағы су тасқынын өз көзімен көрген.

«Мұның бәрі менің көз алдымда болды. Глубоковский ауданынан соң Шемонаиха ауданына бардым. 06.30-дан 09.15-ке дейін жаңбыр суы Уба өзенінен асты. Өзен суы 1,5 – 2 метрге дейін жетті. 42 үй су астында қалды», - деді әкім аудандық ОКҚ брифингі барысында.

Оның айтуынша, алдын-ала жарылыс жұмыстарының арқасында арнасынан асқан өзен суы бір сағат көлемінде қайтты.

«Су астында қалған үйлердің көбі өзен жағасында орналасқан. Аудан әкімдігі жұмыс істеді, адамдарға ескертілді, таңғы уақыт болғанына қарамастан, бәрін үйлерінен шығарып алды. Қазіргі таңда соңғы жарылыс жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, Шемонаиха қаласына ешқандай қауіп төнбейді», - деді Даниал Ахметов.

Связанные Статьи