Алматыда бүгін кешкі сағат 18.54-те жерасты дүмпулері байқалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
EMSC Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмология орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 68 шақырым солтүстік-шығыста, Қапшағайдан 24 шақырым оңтүстік-шығыста болған. Жерасты дүмпуінің тереңдігі – 8 мың метр. Магнитудасы – 4,7 балл.
Ал ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының дерегіне сенсек, зілзала магнитудасы 5,5 болған.