2018 жылы 26 наурызда Алматыда кешкі сағат 18:53-те жер сілкінісі тіркелді.
ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының дерегіне сенсек, зілзала магнитудасы 5,5 болған.
Зілзала ошағы Алматыдан 68 шақырым солтүстік-шығыста орналасқан.
Жер асты дүмпулерінің энергетикалық класы – 11,9. Магнитудасы – 5,5.
Ошақ тереңдігі – 5 шақырым.
Ал Алматы тұрғындарына 3,4 балдық жер сілкінісі сезілген.
Табиғи апаттан зардап шеккендер жоқ.
Бұған дейін EMSC Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмология орталығы жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 68 шақырым солтүстік-шығыста, Қапшағайдан 24 шақырым оңтүстік-шығыста болғанын хабарлаған. Орталықтың мәліметінше, жерасты дүмпуінің тереңдігі – 8 мың метр. Магнитудасы – 4,7 балл.