2017 жылы Алматыда қалалық бюджеттен табиғатты қорғау шараларына 6 млрд 545 млн 882 мың теңге бөлінген, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Алматы қаласы өңірлік комуникациялар қызметінде Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің басшысы Орман Ақкозиев мәлімдеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында кешенді ақпараттық-технологиялық платформаны енгізу халықаралық озық тәжірибелердің шынайылығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуда жедел қарқынының және халықтың өмір сапасын жақсартудың басымдықтарының бірі ретінде қарастырылуда. Осыған байланысты, мемлекеттік биліктің, бизнес және халықтың барлық деңгейінде экологиялық қауіпсіздік, мониторинг және қоршаған орта жағдайы мен ресурстарды пайдалану тұрақтылығын бақылауда талаптар күшеюде.
- Табиғат қорғау іс-шараларының талаптарын сақтау мен орындауда оң үрдіс байқалады. 2017 жылы қалалық бюджеттен табиғат қорғау шараларына 6 млрд 545 млн 882 мың теңге бөлінді. Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын іс-шаралардан бөлек, 2017 жылы қала кәсіпорындары өз қаражаты есебінен 2 млрд 830 млн теңгеден астам көлемде табиғат қорғау шараларын қаржы жоспарлаған. 3 млрд 360 млн 257 мың теңгеге қоршаған ортаны қорғау шаралары орындалды. Сондай-ақ, 2017 жылы табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссиялар үшін 2017 жылы 1 263 млн теңге, ал 2016 жылы 1 161 млн теңге көлемінде төлемдер жүргізген, - деп сөзін толықтырды О.Ақкозиев.
Оставить комментарий