Климатологтар алдағы уақытта Сахараның жойылуы мүмкін екенін айтады.
Жаһандық жылыну мен табиғи климаттық ауытқулардың нәтижесінде Сахара шекарасы соңғы жүз жылда 10%-ға кеңейе түскен. Бұл құбылыс Солтүстік Африкаға кері әсерін тигізіп жатыр, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Сахара шөлінің ұлғаюы әсіресе Чад өзенінің тарылуына әкеп соқты. Шөл дала шекарасы оңтүстікке қарай ығысып, өзен тартыла бастаған. Құбылыстың ізі тек Африканың орталық бөлігінде емес, барлық өңірде байқалды. Біз өзен суының әжептеуір азайғанын сенімді түрде айта аламыз», - деді АҚШ-тағы Мэриленд университетінің климатологы Сумант Нигам.
Осыдан 10 мың жыл және шамамен 30-50 мың жыл бұрын шөлдің орнында түрлі өсімдіктерге толы жасыл алқап болған. Антропологтардың пікірінше, жасыл Сахара адамдардың Африканы тастап, Жер бетіне жайылуына себеп болды.
Бүгінде климатологтар Сахараның жойылып кетуі мүмкін екенін айтып дабыл қағуда. Оған жауын-шашынның артуы себеп болуы мүмкін. Жаһандық жылыну күшейіп, муссондарды Сахара аймағына және Сахель жарты шөл даласына қарай ығыстырады. Соның нәтижесінде ғасыр аяғына таман екі өңір де саваннаға айналады деп болжайды ғалымдар.
Нигам мен оның әріптесі Натали Томастың айтуынша, әзірге бәрі керісінше болады. Сахараның аймағы ұлғайып, солтүстік қана емес, оңтүстік өңірлерді де жайлауы мүмкін.
Оставить комментарий