Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

/uploads/thumbnail/20251023115238981_big.webp

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшерін жариялады. 

Министрлік мәліметінше, жыл басынан бері қазақстандықтарға 3,1 триллион теңгеден аса зейнетақы төленген. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 1 триллион 22,1 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 2 триллион 136 миллиард теңге қарастырылған.

1 қазандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны - 2 миллион 510 мың адам.

"1 қазандағы жағдай бойынша республикалық бюджеттен төленетін жиынтық зейнетақының орташа мөлшері - 142 810 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері - 95 249 теңге, базалық зейнетақы мөлшері - 47 561 теңге", - деп жазылған хабарламада.

Связанные Статьи