Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпараттық агенттігі.
23 қазанда Самара – Шымкент автожолында, Белқопа ауылының маңында болған. DAF жүк көлігі мен «ГАЗель» жолаушылар көлігі соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында екі жүргізуші мен «ГАЗель» автокөлігінің 10 жолаушысы қаза тапты, тағы бес адам медициналық мекемеге жеткізілді.